Виджеттің өлшемін немесе сыртқы түрін өзгерту

Веб-виджеттердің сыртқы түрін өзгертуге болады: бағаналы немесе сызықтық диаграмманы таңдаңыз. Кейбір веб-виджеттер үшін өлшемін өзгертуге болады: шағын, орташа немесе ірі.

Веб-виджеттің сыртқы түрін өзгерту үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Бақылау және есеп беруБақылау тақтасы бөліміне өтіңіз.
  2. Өзгерту қажет веб-виджеттің жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.
  3. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Веб-виджет бағандық диаграмма ретінде көрсетілуі үшін Сызба түрі: жолақтар тармағын таңдаңыз.
    • Веб-виджет сызықтық диаграмма ретінде көрсетілуі үшін Сызба түрі: Жолдар тармағын таңдаңыз.
    • Веб-виджет алып жатқан аймақтың өлшемін ауыстыру үшін келесі мәндердің бірін таңдаңыз:
      • Ықшам
      • Ықшам (тек жолақ)
      • Орташа (сақиналы сызба)
      • Орташа (гистограмма)
      • Максимум

Таңдалған веб-виджеттің сыртқы түрі өзгертіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Мониторинг және есептер

Басына оралу